423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«AQ JOL» партиясының төрағасы экзит пол нәтижесі туралы пікір білдірді

  • 193
  • UPD: 02:22, 11.01.2021

Азат Перуашев Қазақстан халқын сәтті өткен сайлаумен құттықтады. Сонымен қатар «AQ JOL» партиясының төрағасы саяси ұйымды қолдаған отандастарына алғыс білдірді.

Айтуынша, биылғы науқан қауіпті індетпен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан барлық санитарлық талапы сақтай отырып, сайлау ұйымдастырылды. Бұл тәжірибе енді алдағы уақытта кәдеге жарап, еліміздің дамуына септігін тигізеді деп сенім білдірді партия төрағасы.

Азат Перуашев, «AQ JOL»  демократиялық партиясының төрағасы: 

- Меніңшe, біздің партияларымыз, біздің сайлаушыларымыз өздері үшін өте жақсы тәжірибе жинап алды. Ол тәжірибе ары қарай да еліміздің дамуына, еліміздің демократияландыруына өте пайдалы, өзекті болады деп ойлаймын. Соған сенімдіміз және де мен барша «AQ JOL» партиясы үшін дауыс берушілерге өз алығысымды білдіргім келеді. Біз партиямызға көрсеткен сенімді, әрине ақтауға тырысамыз. Оған еш күмән болмасын және де біздің әріптестеріміз басқа да партиялар көсемдерін, Тұңғыш Президентімізді құттықтағым келеді. Осы партияның сәтті өткенімен.

Хабар 24 телеарнасы