Қазақстанда зейнетақы екі есе артатыны туралы ақпарат – жалған

Қазақстанда зейнетақы екі есе артатыны туралы ақпарат – жалған

Қазнетте 2021 жылы зейнетақының екі есе өсетіні туралы жалған жаңалық тарады, деп хабарлады stopfake.kz.

2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50% емес.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%, яғни инфляция деңгейінен 2% асып түсті. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% артады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2,2 млн адамның зейнетақысы өседі.