Қарағандыда ҰҚТ мемлекетке 537 млн теңге залал келтірген

Қарағандыда ҰҚТ мемлекетке 537 млн теңге залал келтірген
Ratel.kz

Қарағандыда мемлекетке 537 млн теңге көлемінде залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2017-2020 жылдар кезеңінде Қарағанды қаласының аумағында іс жүзінде жұмыстар орындалмай және тауарлар жеткізілмей жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында 7 адамнан тұратын қылмыстық топ, сонымен қатар бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары ретінде тіркелген қатысушылар тіркеу үшін үй-жайларды іздеу мен жалға алуды, сондай-ақ контрагент-сатып алушыларды іздестіріп, екінші деңгейлі банктерде ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және т.б. жүзеге асырған.

Топтың қылмыстық әрекеті нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал сомасы 537 млн теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеу барысында бақылаудағы кәсіпорындардың жалпы сомасы 121,3 млн теңге ақша қаражатына тыйым салынды.

27.12.2020 ж. қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.