Елорданың бір ауданында биыл жаңа емхана ашылады

Елорданың бір ауданында биыл жаңа емхана ашылады

Елордаданың Есіл ауданында биыл жаңғыртылған емхана ашылады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ғимарат жеке инвестиция есебінен салынатынын мәлім етті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Биыл елордада емхана ашылады. Емхана әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің талаптарына сәйкес келеді. Онда аймақтар «лас» және «таза» деп бөлінген, ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және т.б. орнатылған.

Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында салынған. Бұған дейін ауданда тек №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді.

Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз.

Сонымен бірге, дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға бардым. Бұл балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынды. Жеке инвестиция тарту нысандарды салу және толтыру кезінде қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысанның құрылысына тартамыз. Олар – әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа жобалар», - деп жазды қала әкімі.