Қарағандыда алаяқтар 700 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген

Қарағандыда алаяқтар 700 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген
Otyrar

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2016-2020 жж. аралығында Қарағанды қаласының аумағында жалған шот-фактураларды жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан тұлғалар тобын әшкереледі.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында жеті адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрғаны анықталды.

Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінен келтірілген жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асады.

Жеті күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, бір күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

30.12.2020 ж. қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.