Өскеменде саяжайларды су басуы мүмкін

Өскеменде саяжайларды су басуы мүмкін

Күн райы күрт жылынса, Өскемендегі кей саяжайларды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Ертістің төменгі сағасындағы елді мекендерге қауіп төнеді. Соңғы 10 күнде аймақта қатты аяз болғандықтан, өзеннің кей тұстарына мұз қатып, су жайылған. Төтенше жағдай мамандарының мәліметі бойынша өзен арнасы тар жерлерде Ертістің деңгейі шамамен 15-20 сантиметрге дейін көтерілген. Сондықтан жағадағы кей саяжайларға су жақындаған. Бірақ әзірге арнасынан асқан жоқ. Кешелі бері өңірде ауа райы сәл жылыды. Өзен деңгейі қайта түсе бастады. Жалпы Өскеменде су басуы мүмкін 8 аумақ бар. Олар үнемі мамандар бақылауында болады. 

Дастан Ахметов, қалалық ТЖБ басшысының орынбасары:

– Маңайдағы саяжай үйлерін су басу қаупі жоқ. Мониторинг жасап, бақылау жүргізіп отыр. Және төтенше жағдайлар басқармасы бәрі бірге.