Крещение мерекесі: Ақтөбе облысында 19 шомылу орны белгіленді

Оның бесеуі қала аумағында болса, қалғаны алтауы ауданда орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрамында құтқарушылар, дәрігерлер және полиция қызметкерлері бар 200-ден астам адам су жағасында кезекшілік атқарады. Сондай-ақ жылыту бекеттері де жұмыс істейді. Жыл сайын діни мерекеде судың ауру-сырқаудан айықтыратын қасиетіне сенушілер қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні шомылады. Алайда мамандар сақтық шараларын естен шығармауды да ескертеді.

Құспан Хамзин, шұғыл құтқару жасағының бастығы:

– 217-ден астам адам екі ауысыммен 18 және 19 қаңтарда қасиетті күн мерекесі аяқталғанға дейін кезекшіліктер атқарады. Созылмалы және қабынатын аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, орталық жүйке жүйесі аурулары бар адамдар болса салқын суға түсуге қатаң тыйым салынады