Атырауда газ-химия кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

Атырауда салынып жатқан газ-химия кешенінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Қазмұнайгаз» компаниясының өкілдері 2020 жылдың қорытындысына арналған есеп беру жиынында мәлімдеді. Басқосуға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов төрағалық етті. Өткен жылы мұнай бағасының құлдырауына қарамастан компания қалыпты жағдайдағы қызметін жалғастырды. Ұлттық компания берешегін 472 миллион АҚШ долларына дейін қысқартты. Компания 2021 жылы барлау жұмыстарына инвестиция тартуды және ірі жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.