Ақтөбелік дәрігерлер ЖИТС дертін жедел тест арқылы анықтауда

Ақтөбелік дәрігерлер ЖИТС дертін жедел тест арқылы анықтауда

Ақтөбелік дәрігерлер адамның иммунтапшылық вирусын анықтау үшін жедел тесттерді қолдануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа әдіс қатерлі дерттің ағзада бар-жоғын тез арада білуге мүмкіндік береді. Бұрын жүре пайда болған иммун тапшылығы белгілерін анықтау үшін қан құрамын зерттеу міндетті болатын. Ал, экспресс тест үшін ауыз қуысынан алынатын сілекейдің өзі жеткілікті. Нәтижесі 20 минут ішінде белгілі болады. Облыстық ЖИТС орталығы мамандарына көмекке аутрич-қызметкерлерінің келгендігін де айта кеткен жөн. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігі арта түсуге тиіс. Қазір Ақтөбе облысында 334 науқас есепке алынған. Олардың 55-і өткен жылы анықталған тұлға. Дені 20 мен 29 жас аралығындағы жастар.

Алтынай Артықбаева, сенім пунктінің дәрігер-эпидемиологы:

- Қала бойынша 1600 есірткі тұтынушы тұлғаларды қамтамасыз етеміз деген жоспар бар. Бұл жерде біздің ЖИТС орталығының екі мобильдік қызметі және бір стационарлық сенім пункті жұмыс жасайды.