Ауа райына байланысты ҚР ТЖМ жедел штаб құрды

Ауа райына байланысты ҚР ТЖМ жедел штаб құрды

Ауа райының қолайсыздануына байланысты ТЖМ ахуалдық орталығында жедел әрекет ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін республикалық жедел штаб құрылды.

Штаб азаматтық қорғау республикалық қызметтерімен тығыз өзара іс-қимыл орнатты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

Барлық жабық жол учаскелерінде посттар қойылды, ол жерлерде ТЖД, ПД және жол қызметі жұмыс атқаруда. Автомобиль жолдарына жақын жерлерде жылыту пункттері (дәмхана, қонақ үйі) дайындалып, іске қосылды. 

Техниканың жиналуына қарай автоколонналар ПД және жол қызметі қызметкерлерінің жетегімен кезең-кезеңмен өткізілуде. 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласынан Щучье қаласы бағытында 300-ге жуық автомобиль, Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай 500 автомобиль ПД және жол қызметі қызметкерлерінің жетегімен жолға шықты. 

Ауа райының жақсаруына қарай автомобиль жолдарының көрсетілген учаскелерінде қозғалысты шектеуді алып тастау туралы мәселе қаралатын болады. 

Күрделі метеорологиялық жағдайды ескере отырып, ұзақ сапарлардан бас тартып, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратпен танысып отыруға кеңес береміз. 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі