СҚО-да карантиндік шаралар жеңілдетілді

СҚО-да карантиндік шаралар жеңілдетілді

Өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша енді локдаун тәртібі жексенбіде ғана сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы сенбі сауда үйлері, ойын-сауық кешендері, базарлар мен моншалар ашылады. Бұған дейін демалыс күндері жүрмеген автобустарға толық рұқсат берілді. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындары түңгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Қазіргі таңда облыс бойынша 1 мың медициналық және санитарлық қызмет мамандары екпе салдырды. Күніне орташа есеппен 50 адамнан ауырып жатыр.

Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– 6 ақпаннан бастап «сары аймаққа» ендік. Бәрі өзіміздің қолымызда. Егер халық жоғарыда айтылған карантиндік талаптарды сақтайтын болса, онда біз «жасыл аймаққа» да кіруіміз әбден мүмкін деп есептейміз.