Павлодар облысында аудан әкімінің орынбасары қызметінен қуылды

Павлодар облысында аудан әкімінің орынбасары қызметінен қуылды

Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары жұмысынан қуылды.

39 жастағы шенеунік ішімдік ішіп, көлік жүргізген. Әнуар Қаңтаевты мас күйінде полиция қызметкерлері тоқтатқан. Лауазымды тұлғаның бұл әрекеті әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасалған. Әнуар Қаңтаев мемлекеттік қызметшінің абыройына нұқсан келтіргені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Сот үкімімен ол жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Шенеунік 14 жыл бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Бұл облыста тіркелген екінші дерек. Бұған дейін Май ауданының әкімі де жауапкершілікке тартылды.

Ержан Қарымсақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы:

- Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Қаңтаев Әнуар Құдайбергенұлына қатысты әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік іс қаралды. Кеңес мүшелері көпшілік дауыспен аудан әкіміне Әнуар Құдайбергенұлына қатысты атқарып отырған лауазымына тәртіптік жаза қолданылып, нәтижесінде аудан әкімінің өкіміне сәйкес лауазымынан босатылды. Мемлекет қызметінің имиджіне нұқсан келтірді деп санауға болады.