557 жолаушы шетелден вирус жұқтырмағанын дәлелдейтін анықтамасыз келді

557 жолаушы шетелден вирус жұқтырмағанын дәлелдейтін анықтамасыз келді

Елге шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер әлі де тыйылмай тұр. Өткен тәулікте 17 халықаралық рейспен 2 мың 328 адам оралған болатын.

Олардың 557-сінің ПТР анықтамасы болмай шықты. Енді олар оқшауланып, тест тапсыруға міндеттелді.

Еске салайық, бұған дейін карантинге алынған 342 жолаушының тест нәтижесі теріс болып шыққан.