2025 жылға дейін 736 нысан жекешелендіріледі

2025 жылға дейін 736 нысан жекешелендіріледі

Елімізде жекешелендірудің кезекті кешенді жоспары қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы 4 жылға межеленген 736 нысанның 40 проценті биыл жекенің қолына өтуі тиіс. 2016-2020 жылдар аралығында қабылданған жоспар аясында 76 нысан жекешелендірілуі керек-тін. Оның екеуі тізімнен алынып тасталған. Тағы 12-сі 101 млрд теңгеге сатылыпты. Бұл туралы қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Ерулан Жамаубаев айтты. Енді жекешелендіру бойынша жоспарды түгел орындау үшін жол картасы бекітіледі.