419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрылыс нарығында беделі төмен компаниялардың рейтингісі құрылды

  • 90
  • UPD: 12:35, 23.02.2021
Құрылыс нарығында беделі төмен компаниялардың рейтингісі құрылды

Елімізде баспанаға мұқтаждардың қаржысын алып, міндеттемесін орындамайтын 123 құрылыс компаниясы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі Үкімет отырысында құрылысшылардың рейтингісін құрып, олармен жұмыс істеудің жаңа әдістемесі ұсынылды. Мәселен, құрылыс нарығында беделі төмен компанияларға халықтың қаржысы мемлекеттік бірыңғай оператор арқылы тартылады. Яғни, тұрғындар үлескерлік салымын бірыңғай операторға беріп, баспанаға қол жеткізу кепілдігіне ие болады. Ал, мемлекеттік оператор рейтингісі төмен компаниялармен тікелей жұмыс істеп, олардың құрылыс жобасына қаржы тартады. Осылайша, құрылыс нарығындағы бақылауды күшейте түседі. Ал, қаржылық тұрғыдан тұрақты компаниялар үшін кепілдендірудің қазіргі жүйесі сақталады. Жалпы биыл 17 млн шаршы метр үйді қолданысқа беру жоспарда бар. Бұған 309 млрд теңге тарту көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы