429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді – Б.Атамқұлов

  • 266
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді – Б.Атамқұлов primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй саясатына жаңа тәсілдер туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Өз баяндамасында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов 2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанын, 140 мыңнан астам баспана пайдалануға берілгенін атап өтті.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6%-ке өсіп, 2 трлн теңгені құрады.

Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестиция тартылды.

«38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік тұрғын үй түрінде және 10,4 мың жеңілдетілген займ берілді. Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда – бұл 163 мың баспана», – деді Б.Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік инвестициялар есебінен кезекте тұрған 31,3 мың адамды қолдаумен қамту жоспарлануда.

22,5 мың әлеуметтік баспана салынып, сатып алынады және кезекте тұрғандарға 8,8 мың жеңілдетілген қарыздар беріледі.

«Кезектілік мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы бұған дейін жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезектілігін бере отырып, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде «Отбасы банк» толыққанды даму және қолдау институтын құруды тапсырған болатын. «Отбасы банк» жұмысының негізгі қағидаты, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады», – деді Б.Атамқұлов.

«Отбасы банк» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады, ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын болады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланатын болады.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады.

Жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін «Отбасы банк» өкілеттіктерін күшейту ұсынылады.

Бұл механизмде сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарттар жасасатын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады.

Бұдан басқа, жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалға алу ақысын субсидиялау ұсынылады.

«Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын 50 мыңға дейін өсуде және бүгінгі күні 548 мың адамды құрайды», – деді Б.Атамқұлов.

Кезектегі көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары, табысы отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, тұрғын үймен қамтамасыз ету жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа да кезекте тұрған азаматтардың табыс көлемі ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен жоғары. Азаматтардың бұл санаты жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген қарыз алу арқылы тұрғын үй сатып алатын болады.

2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырмасын орындау шеңберінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында белгіленген баға параметрлері бойынша салынып жатқан тұрғын үй көлемінің 50%-ын беру шартымен жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік нысандар және тұрғын үйлер салу үшін құрылыс салушының өз қаражаты есебінен жер учаскелерін алу құқығын беру ұсынылады.

Сондай-ақ, бұл нысандар құрылыс салушының өз учаскелерінде салынған жағдайда, балама жер учаскелерін беру немесе құрылыс салушының шығындарын өтеу ұсынылып отыр.

Бұл ретте, тұрғын үй салу үшін жер учаскелері жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес берілетін болады. Бұл объектілерді құрылыс салушының өз учаскелерінде салған жағдайда, балама жер учаскелерін беру немесе құрылыс салушының шығындарын өтеу ұсынылады.

Сондай-ақ, министрлік тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша қосымша шараларды ұсынады:

жалға берілетін тұрғын үй пулын қалыптастыру және жылжымайтын мүліктің жеке әлеуметтік қорларын құруды ынталандыру;

нарықтық қорландыруды (халықтың депозиттері, зейнетақы жинақтары) тарту және қарыз бойынша шығыстарды субсидиялау;

жеке құрылыс салушыларды жобалық қаржыландыру тетігін енгізу;

үлестік құрылыс бойынша құрылыс компанияларының рейтингін енгізу;

жосықсыз құрылыс салушылардың жауапкершілігін қатаңдату.

«Барлық шаралар қабылданған жағдайда еліміздің барлық өңірлерінде қосымша 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 28 мың пәтер салынатын болады», – деді Б.Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, тұрғын үй құрылысына инвестициялар қосымша 300 млрд теңгені құрайды. Бұл 55 мың жұмыс орнын құруға, 40 млрд теңгеге салық түсімдерін қамтамасыз етуге және  тауарлар өндіру, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша аралас салаларында шамамен 530 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Б. Атамқұлов қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігіне назар аударды.

Бұл бағытта қазіргі уақытта министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын дайындады және ол ағымдағы жылғы 5 ақпанда ведомство аралық комиссиямен мақұлданды.

Заң жобасы әзірленіп, сараптама алуға жолданды, барлық келісу рәсімдерін жүргізгеннен кейін заң жобасы ағымдағы жылдың сәуір айында белгіленген тәртіппен Үкіметке енгізілетін болады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова өз кезегінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары туралы хабардар етті.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде жасалған шарттардың саны 407 мыңнан 486 мыңға дейін, яғни 19%-ға өсті. Осы кезеңде жүйеге қатысушылар саны 1553 мыңнан 1 862 мыңға дейін, немесе 20%-ға өсті.

Мемлекеттік бағдарлама іске асырылып басталғаннан бері «Отбасы банкіне» тұрғын үй заемдарын беруге 310 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2020 жылдың тамыз айында «Шаңырақ» бағдарламасына 90 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 202 млрд теңге, оның ішінде наурыз айында «Шаңырақ» бағдарламасына 120 млрд теңге алу жоспарланып отыр.

Л.Ибрагимова атап өткендей, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ахуал мынадай.

Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған сәттен бастап сомасы 337,5 млрд теңгені құрайтын 35 049 заем берілді. Оның ішінде кредиттік тұрғын үйді іске асыру шеңберінде 165,9 млрд теңге сомасына 19 085 заем берілді. «Бақытты отбасы» бағыты бойынша 97,2 млрд теңге сомаға 9 488 заем берілді. «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша 74,5 млрд теңге сомаға 6 476 займ берілді.

01.02.2021 ж. жағдай бойынша кезекте тұрған 237,6 мың адамның банкте 143 млрд теңгеге салымдары бар.

Оның ішінде 188 мыңы (79%) тұрғын үйге қаржысын жинақтай бастады және жинақтары бар. Кезекте тұрғандар жинақтарының орташа сомасы - 601 мың теңгеден астам. Жыл сайын кезекте тұрған 30 мыңға жуық адам салымдарын ашады.

Банкте 32,7 мың кезекте тұрғандардың несиелері бар.

Сонымен қатар Л. Ибрагимова ңа азаматтарды есепке ала отырып, олардың есебін орталықтандырылған жүйемен жүргізуді көздейтін жаңа тәсілге назар аударды.

Барлық деректерді шоғырландыру (мемлекеттік органдардың 17 базасын ескере отырып) тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың отбасы портретін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге, тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Барлық процестерді автоматтандыру адам факторын болдырмайды және азаматтарды есепке алу мен тұрғын үйді бөлудің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз етеді», – деді Л.Ибрагимова.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер пакеті дайындалды.

Баспана жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне мынадай өзгерістер енгізу ұсынылады:

тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ТҚЖ салымдарын мемлекеттік сыйлықақыны есептемей-ақ толықтыру мақсатында пайдалану мақсаттарын толықтыру;

Ережелердің  2-тарауының 5-тармағының 1) және 3) тармақшаларында жеке тұрғын үй құрылысына байланыстырмай, «нысаналы мақсаты бар жер телімін сатып алу – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық» мақсатын бөлек бөлу.

Мемлекеттік Деректер қорына қосылу мәртебесі туралы айтатын болсақ, Л. Ибрагимованың айтуынша, жүйе мемлекеттік органдар базаларымен бірігу шеңберінде тестілеуден өтті және 6 база бойынша сервистер өнеркәсіптік пайдалануға дайын. 4 базалық қызметтер тестілеу кезеңінде.

Бұл ретте, бүгінгі күні 7 базаға өтініш берушінің келісімімен ғана қосылуға болады.

Сонымен қатар «Отбасы банк» жеке құрылыс салушылармен ынтымақтастығын нығайтуда.

Бүгінде жеке  құрылыс салушылардың жылжымайтын мүлік бағасын өсіруіне жол бермеу мақсатында  Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында белгілі бір баға санатында пилоттық жобаны іске қосу ұсынылады.

Қазіргі таңда зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша көрсеткіштер мынадай.

Келіп түскен өтінімдердің ең көп үлесі:

Ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеу – 35 мыңнан астам өтінім;

Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу – 28 мыңнан астам өтінім;

Туысқа жинақтарды беру – 20 мыңнан астам өтінім;

Қалғандары – 13 мыңнан астам өтінім.

2021 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша:

БЖЗҚ-ға 564 млрд теңге сомасына 98 мың өтінім жіберілді;

145 млрд теңге сомасына 28 мың өтінім жүзеге асты; 

Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар пакеті дайындалды.

Тұрғын үй нарығындағы жағдай

«2020 жылы нарықта тұрғын үйді сатып алу-сатудың 307 884 мәмілесі жасалды.

19.02.2021 ж. жағдай бойынша БЖЗҚ-ға тұрғын үй сатып алуға байланысты мақсаттарға 32,9 мың өтінім жіберілді», – деді Л. Ибрагимова.

Халықтың тұрғын үй мәселелерін шешуге қолжетімділікті арттыру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасалды және қолдау тапты:

салымшылардың тұрғын үй құрылыс жинақтарын толтыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мүмкіндігі бағытында;

жер учаскесін алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың жеке мақсат ретінде бөлу бағытында.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр тұрғын үй саясаты мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін және баяндамашылардың ұсыныстарының тұрғын үйдің, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Қабылданып жатқан шаралардың арқасында ел экономикасының өсуіне оң әсер ететін құрылыс индустриясының жандануын болжаймыз. Қажетті құқықтық өзгерістер, сондай-ақ Үкіметтің ұзақ мерзімді жоспарларын ұлттық жобаға айналдыру қарастырылған», – деді Р.Скляр.

Хабар 24 телеарнасы