Ақтөбеде жолды уақытылы тазаламаған компанияларға 4 млн теңге айыппұл салынды

Ақтөбеде жолды уақытылы тазаламаған компанияларға 4 млн теңге айыппұл салынды

Ақтөбеде мердігер мекемелерге 4 млн теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеме жұмысшылары қаланы қардан уақытылы тазаламаған. Кей көшелердің қарын кешігіп шығарған. Мұндай салғырттық үшін 67 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолға жауапты ұйымдардың кейбірінде қажетті техника жеткіліксіз. Салдарынан қала маңындағы бірнеше елді мекенде көлік қозғалысы қиындаған. Жалпы жыл басынан бері мердігер мекемелерге кемшілікті жою туралы 400-ден астам ұйғарым жолданыпты. Бүгінде облыс орталығындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолағын қардан тазалауға 7 компания жауапты.

Еркін Өтеген, облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы:

- Елді мекендер стандартқа сәйкес алты сағаттың ішінде тазартылып болуы керек. Ең бірінші бізде автобустық маршруттардың орны тазартылуы керек. Тоқтау аялдамалары және жаяу жүргінші өтпелері тазартылуы керек. Қазіргі уақытта ондай жағдайлар болды. Міндетті түрде шаралар қолданылады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органға арнайы техниканы көбейту мәселесі бойынша ұсыныстар жіберілді.