Дәрі және медбұйымдарды сатып алуға жыл соңына дейін 12 млрд теңге жұмсалады

Елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу және тасымалдауға жыл соңына дейін 12 миллиард теңге жұмсалады.

Бұл туралы «СҚ-Фармация» логистикалық хабына жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгілі болды. Бірыңғай дистрибьютор 85 ұйыммен, оның ішінде 5 республикалық ауруханамен келісім-шартқа қол қойды. Осыған дейін елордадағы медициналық ұйымдарға жалпы сомасы 196 миллиард теңге болатын препарат жеткізілген. Биыл 38 медициналық ұйым тауар сатып алуға өтініш білдірген.

Бақытжан Ниязов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қалалық департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Қазіргі уақытта 38 дәрілік заттардың сақталғаны белгілі болып отыр. Тексеріс барысында қандай да бір дәрілердің жетіспеушілігі анықталған жоқ. Осы қойма арқылы 85 мекемеге дәрілік заттарды жеткізілетіні белгілі болып отыр. Оның бесеуі республикалық мекемеде.