Павлодарда 40 пакет есірткі табылды

Павлодарда 40 пакет есірткі табылды
Жалағаш жаршысы

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 жастағы жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

– Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының тұрғынынан ұнтақ тәрізді заты бар 40 пакет табылды. Сараптама нәтижелері бойынша ол есірткі-пиралерон болып шақты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Айта кетсек, 2019 жылдан бастап электронды ақпараттық ресурстары арқылы есірткіні таратудың жауапкершілігі күшейтілді. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, оларды жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.