27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

Бүгін дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осы ретте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева еліміздің азаматтық қоғам секторының өкілдерімен бейресми кездесу өткізді. Жиында қоғамдық ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселесі талқыланды. Бүгінде елімізде 22 мың үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 16 мыңы белсенді қызмет атқарып келеді. Осы орайда олардың Қазақстанның жалпы ішкі өніміне қосар үлесі тілге тиек етілді.

Лима Диас, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрайымы

- Заң шығару деңгейіндегі бірлескен жұмысқа келер болсақ,  мұнда табысқа жетелейтін екі факторды атап өтер едім. Біріншісі – бұл қай мәселе болмасын терең сараптамаға сүйенетін құзырлық, екіншісі ұстанымын дұрыс әрі дауыстап жеткізу. Өкінішке орай, үні халыққа жететін кей сарапшы мәселенің түбіне жете бермейді. Тіпті өз атын шығару үшін ғана қоғам көкейіндегі өткір проблеманы қозғайтындар бар. Міне қазір нағыз сарапшы мен жалған сарапшының аражігін тану мәселесі тұр. 

Бану Нұрғазиева Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті

– Мына Азаматтық альянстың мақсаты әрбір үкіметтік емес ұйымдар арқылы үкіметке, мемлекетке халықтың пікірін, ойын бастамаларын жеткізу - бұл біздің жұмысымыз. Ал негізі ең бірінші қойып отырған мақсатымыз президентіміз айтқандай, тиімді мемлекет болсын, тиімді үкімет болсын, ал қоғам әділетті болсын.