Қостанай облысында бір апта бұрын жоғалған малшы табылды

Қостанай облысында бір апта бұрын жоғалған малшы табылды
фото: alau.kz

Қостанай облысында жоғалып кеткен бақташы табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 21 қаңтардан бері, яғни бір апта бойы далада түнеген. Обалы төңірегін шарлаған тікұшақтағы құтқарушылар қамыс арасында тұрған атты көріп, сол арқылы бақташыны тапқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғати Уәли хабарлады. Ұзақ уақыт далада далада жатқан бақташы арып-ашып, әбден әлсіреп қалған.

Айта кетейік, өңірде боран соғуына байланысты іздеу жұмыстарына қиындық тудырған еді. Дегенмен, қазір жағдайы жақсы. Жезқазган қаласында дәрігерлердің қарауында жатыр.