Ақмола облысында полицейлер вакцина салдыра бастады

Ақмола облысында полицейлер вакцина салдыра бастады

Ақмола облысында полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина салдыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы күні 40 шақты тәртіп сақшысына екпе егілген. Олардың сапында облыстық полиция департаментінің басшылары да бар. Жалпы пандемия басталғалы аймақта 400-ге жуық полицей қауіпті вирус жұқтырған. Айта кетейік, өңірде осыған дейін дәрігерлердің өздері де екпе алған болатын. Облысқа вакцинаның 1300 дозасы жеткізілген. «Енді осы айда тағы 100 мың екпе келеді және халықты ерікті түрде егу басталады», - дейді, облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Арманбек Баймурзин, облыстық ПД бастығы:

- Міне, мен жаңа ғана екпе салдырдым. Өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Бұл полиция қызметкерлері үшін аса қажетті шара деп білемін. Себебі, біз күні-түні алдыңғы шептеміз. Вакцинаны тегін алуға мүмкіндік жасап отырған мемлекетімізге рахмет.