432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шарын ұлттық саябағындағы фототұзаққа Түркістан сілеусіні түсіп қалды

  • 155
  • UPD: 16:02, 03.03.2021

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев твиттердегі парақшасында хабарлады.

Сирек кездесетін жануар еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Ведомство басшысы жариялаған роликте жыртқыш аңның бірнеше минут бойы бейнекамераны зерттеп жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, бүгін барша әлем Дүниежүзілік жабайы табиғат күнін атап өтуде. Бұл дата 2013 жылы Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының жиынында флора мен фаунаны қорғау мақсатымен таңдалған. 

Хабар 24 телеарнасы