СҚО-да көлік контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

СҚО-да көлік контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Олар автокөліктерді Ресейден Қазақстанға жалған кедендік құжатпен жеткізіп отырған.

Мамандар қойманы тінту кезінде ел аумағына заңсыз жолмен әкелінген 60 көлікті тәркіледі. Сондай-ақ қолдан жасалған техникалық құжат пен бірнеше ресейлік нөмір табылған. Заң бұзғандар мемлекетке 650 млн теңге шамасында шығын келтірген. Қазір күдіктілерге қатысты 2 айға дейін қамауға алу шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.