430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жеті адам көлік апатынан зардап шекті

  • 120
  • UPD: 11:50, 05.03.2021
Павлодар облысында жеті адам көлік апатынан зардап шекті

Павлодар жанындағы Кенжекөл және Байдала ауылдарының арасында жол-көлік апаты болды.

Апат салдарынан бес ересек адам және екі бала зардап шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жедел жәрдем қызметінің үш машинасы апат болған жерге төрт минутта жетті. Зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Үш автокөлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Кенжекөл және Байдалы ауылдарының арасында болды», - деп облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, 103 қызметінің үш медициналық бригадасы бірінші жеделділік санаты бойынша оқиға болған жерге төрт минутта жеткен. Соқтығысқан көліктер ішінде болған жеті жолаушы әртүрлі жарақатпен №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Олар 1980, 1989 және 1990 жылдары туған үш ер адам, 1987 және 1989 жылғы екі әйел адам, олармен бірге 2008 және 2010 жылғы екі бала бар», - деп мәлімдеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы