Қызылордада жалған ПТР анықтама сатқандар анықталды

Қызылордада жалған ПТР анықтама сатқандар анықталды

Қызылордада екі медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар жалған сертификаттар сатқаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Азаматтарды тиісті тексеруден өткізбей-ақ коронавирустан дін аман екенін дәлелдейтін анықтаманың әр данасын 7 мың теңгеден үлестіріпті. Оны көбіне вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, шетелге саяхаттайтын және Байқоңыр қаласына кіретін азаматтар сатып алып отырған. Жедел іздестіру кезінде ПТР COVID-19 сынамасының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленген.

Сұлтан Пирметов, ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасары:

- Тергеу барысында бұл екі азаматша қаңтар, ақпан айларында 60-тан астам COVID-19 ПЦР-тесттерін сатқандары анықталып отыр. Азаматшадан алынған 37 мөрлер және одан басқа көптеген анықтамалар, анықтамалардың барлығында дәрігерлердің мөрлері бар, бірақ ешқайсысында адамның аты-жөндері жоқ.