Елордада дәмханадағы өрттен зардап шеккендер жоқ

Елордада тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт «Дастархан» кафесінің асүйінде тұтанған. Тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгеріпті. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша асүйдегі пеш мұржасына жиналған май қалдығы жанған. Мұржа арқылы тараған от 530 шаршы метр аумаққа жайылған. Дәмхананың сыртында газгольдер орнатылғандықтан, жұрт жарылыс бола ма деп қорқыпты. Бұған дейін тұрғындар құзырлы мекемелерге шағым айтып, қондырғыны алып тастауды сұраған екен. Алайда, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары газгольдердің барлық талапқа сай орнатылғанын айтып отыр.

Сергей Литвинов, қала тұрғыны:

- Біз бұл мәселені бірнеше жылдан бері айтып жүрміз. Жеке пәтер иелері кооперативінің бұрынғы басшысына да айтқанбыз. Газгольдер туралы айтып, Төтенше жағдайлар министрлігіне де арыз жаздық. Алайда, әкімдік мамандары газ қондырғысын орнатуға рұхсат берілгенін мәлімдеді.

Алмас Сүлейменов, Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- Газ баллоны сыртта тұруы керек, содан кейін есіктен 5 метр арақашықтық жерде тұруы керек. Мысалы, өрт шықса, қабырғадан шықпайды ғой. Бірінші оттың қызуы да, ошағы да есіктен шығады. Біздің талаптар бойынша бұзушылықтар жоқ деп айтқым келіп тұр.

Сондай-ақ...