Өз еркімен кетуден бас тартқан 647 мигрант елден шығарылды

Өз еркімен кетуден бас тартқан 647 мигрант елден шығарылды

Пандемия кезінде мигранттардың көбі елден шыға алмай қалған.

Үкіметтің арнайы қаулысымен олардың елде болу мерзімі ұзартылды. Жыл басынан бері 133 мың мигрант еліне қайтқан. Өз еркімен кетуден бас тартқан немесе тығылып жүрген 647 адам сот шешімімен депортацияланған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Сот шешімімен шығарылғандарға 5 жыл бойы Қазақстанға келуге шектеу қойылды. Үш мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ еліміз арқылы заңсыз транзит арнасын ұйымдастыру бойынша 27 қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетерлігі, бүгін Мәжіліс Қырғыз елі мен Қазақстан арасындағы көші-қонды реттеп, ынтымақтастықты нығайтатын құжатты мақұлдады.