Көкшетауда қазақтың ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі өтті

Көкшетауда қазақтың ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі өтті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақтың әрбір ұлттық киімінің өзіндік мән-маңызы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдениет саласының мамандары, ұлттық құндылықтарды көрсетіп қана қоймай, олардың тарихына да тоқталды.

Ақтолқын Нұрсұлтанова, «Көкшетау» мәдениет сарайының әкімшісі:

- Бірінші – ұлттық киімдердің маңыздылығы, екінші – сырға, білезік, белбеу, шолпы осылардың не білдіретінін келіп жатқан қатысушыларға түсіндіріп жатырмыз. Қазақстан Республикасында Наурыз мерекесі тойланып жатқанына, қазақтың ұлттық маңыздылығын көтеріп жатқанын үлкен мақтан етемін және рақметімді білдіремін.