Елордада жол бойындағы апаттар 17% азайған

Елордада жол бойындағы апаттар 17% азайған

 

Зардап шеккендер саны шамамен 25, ал опат болғандар 14 процентке кеміді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолда 1 миллион 86 мың ереже бұзу дерегі анықталды. Бұл жайында ел алдында есеп берген Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов айтты. Жалпы халықаралық тәжірибе ескеріліп, бас қалада 2020-2021 жылдарға арналған жол қауіпсіздігіне қатысты кешенді жоспар әзірленген. Осының нәтижесінде қосымша бағдаршамдар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы жарықтандырылды.

Ержан Саденов, қалалық полиция департаментінің бастығы:

– Мас күйінде көлік құралдарын басқару фактілері алаңдатушылық туғызады. Жауапкершіліктің күшейтілгеніне қарамастан 1 028 «маскүнем» жүргізушілер ұсталып, басқару құқықығынан айырылды, 800-і әкімшілік қамауға алынып, 76-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан жүргізуші автокөлікке отырмас бұрын, тек өз өміріне ғана емес, өзге де жол қозғалысы қатысушыларының өміріне жауапты екендігін сезінуі қажет. Бақылауды күшейту мақсатында жолдарда Жол жүру ережесін бұзушыларды автоматты түрде анықтап-бекіту жүйесі жұмыс істейді.