Елбасы «Абай арена» стадионының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Елбасы «Абай арена» стадионының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында.

«Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы тиіс», - деп жазды.