Қарағандыда жазасын өтеушілер «мегабауырсақ» пісірді

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының қарсаңында Қарағанды облысында «мегабауырсақ» пісірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны қарапайым тұрғындар емес, түрмеде жазасын өтеп жатқандар әзірледі. Бауырсақтың диаметрі 120 сантиметр, ал салмағы 3 келіден асады. Оны дайындауға қажетті заттар мен пісіру жұмыстарын түрме әкімшілігі ұйымдастырды. Ұлттық тағамнан ондағылардың барлығы ауыз тиген. Олардың айтуынша, бауырсақ пісіру абақтыдағы азаматтарға отбасылық және мерекелік көңіл күйді сезіндірді.