Батыс Қазақстан облысы қайтадан «қызыл аймақ» санатына қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өткен тәулікте өңірде 81 адам вирус жұқтырған. Батыс Қазақстанмен бірге қауіптің жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында да сақталады. «Сары аймақ» тізімінде Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлерде «жасыл аймақ» белгісі тұр.