COVID-19: жаңа штамдар қаншалықты қауіпті

Бүгінгі күні Еуропаны жайлаған коронавирустың британдық штаммы өте тез таралатын вирус түріне жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол вакцинаға бағынғанымен өте үлкен жылдамдықпен адамдарға жұғып жатыр. Ал оңтүстікафрикалық штамм қауіптілігі тіптен жоғары. Себебі вакцина алған адамның өзі де бұл вирус алдында дәрменсіз болуы мүмкін. Сондықтан бұл штаммдар біздің елді жаулап алмай тұрғанда халықты жаппай вакциналап үлгеру керек дейді ұлттық биотехнология орталығының басшысы Ерлан Раманқұлов.

Ерлан Раманқұлов, ұлттық биотехнология орталығының басшысы:

– Көпшіліктің аузында жүрген британдық штамм барлық Еуропаны жаулап алды десем қателеспеймін. Себебі бұл – адамдар арасында өте тез таралатын вирустың түрі. Әрине одан сақтануда «Спутник V» вакцинасы тиімділігін көрсетті. Оңтүстікафрикалық штамм әлі ешқандай екпеге бағынбай тұр. Оның таралуы да тез болмауы үшін тиісті шаралар уақытында қабылдануы шарт.