Енді төрт түлік шаруашылықтарға тиесілі аумақтарда жайылады

Енді төрт түлік шаруашылықтарға тиесілі аумақтарда жайылады

Енді ауыл тұрғындарының төрт түлігі шаруашылықтарға тиесілі аумақтарда жайылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жайылым мәселесі де көтеріліп, тиісті шешімін тапты. Шаруашылыққа тиесілі болса да, бос жатқан алқап жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімімен қайта бөлінеді. Ол үшін арнайы «Жайылымдар туралы» заң әзірленді.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру тәртібі өзгертілді. Ең алдымен оның құрамына қоғамдық кеңестер мен бірлестік өкілдері кіреді. Кемінде 50 проценті солардың үлесінде болады. Бұл қадам конкурстың әділ өтіп, ашықтығын қамтамасыз етеді.