427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды

  • 156
  • UPD: 12:03, 30.03.2021
Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды

Қазақстанда 2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір үйде азық-түлікке жұмсалатын шығындар орташа есеппен 319,4 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8% артық.

Азық-түлікке кететін шығынның үлесі тұтынушылардың барлық шығынының 52,7% құрады, бұл өткен жылы 49,2% болған, деп хабарлады ranking.kz.

Азық-түлікке ең көп шығындалатын тұрғындар Атырау облысында (2020 жылдың төртінші тоқсанында 404,7 мың теңге), Түркістан облысы (393,2 мың теңге) және Қызылорда облысы (383,6 мың теңге).

Азық-түлікке жұмсалатын шығынның көп бөлігі ет пен ет өнімдеріне жұмсалады – 18,6% тиесілі. Тағы 7,8% нан және жарма өнімдеріне, 5,2% сүт және сүт өнімдеріне тиесілі.

2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 келі ет және ет өнімдерін, 35,5 келі нан-тоқаш өнімдері мен жарма, 63,4 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынды.

Жалпы, 2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 83,9 кг ет және ет өнімдерін тұтынған. Ең жоғары тұтыну Қарағанды ​​мен Ақмола облыстарында байқалды – жан басына шаққанда орта есеппен 101,7 және 100,7 кг.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында азық-түлік бағасы 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 10,6% өсті.

Бағаның едәуір өсуі елордада және Павлодар облысында (11,2%), сондай-ақ Шымкентте (11,1%) байқалды. Ет және ет өнімдерінің бағасы Нұр-Сұлтанда 12,7%, Павлодар облысында 11,2%, Шымкентте 10,9% өсті. Қазақстанда ет және ет өнімдері орташа есеппен 12,1% қымбаттады.

Хабар 24 телеарнасы