Министр Б.Мусин коронавирусқа қарсы екпе алды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Вакцинаны апта басында салдырдым. Қазіргі жағдайым жақсы», – деп жазған болатын. Алайда кейін жазбасын жойып, қайта жариялады. Бұл әрекетін ведомство басшысы пост астындағы фотосын өңдегенімен түсіндірді.