Петропавлдың іргесіндегі қос елді мекен жыл сайын қауіптің ортасында қалады

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тепличное және Прибрежный ауылдарына бетоннан бөгет салынады. Петропавл қаласының іргесіндегі қос елді мекен жыл сайын қауіптің ортасында қалады. Биыл да су басуы мүмкін. Жергілікті билік өкілдері тасқынға дайын ба? 

Өткен жылдың сәуірі. Есіл өзені ернеуінен шығып, саяжайларды су басып, Тепличное ауылын шайып кете жаздаған.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Былтыр Тепличное ауылын мына бір салынған бөгет қорғап қалған. Оның биіктігі 3, ал ені 8 метр. Биыл қардың көптігіне байланысты оны тағы да көтеріп, ана жақтағы басына қосу жоспарланған.

- Анау қаптарды үстіне – үстіне, чтобы мешать етпесін бір-біріне. Жарайды. Үстіне қоя беріңдер... 

Биыл да қауіп бар. Сондықтан жергілікті билік өкілдері тасқынның алдын алуға ерте кірісіп кетті. Қазір Тепличное ауылында қар шығару жұмыстары аяқталып, бөгет күшейтіліп жатыр. 10 мың қап балшық дайындалады. 

Дәурен Рамазанов, Прибрежный ауылдық округінің әкімі:

- Судың қорғанысына қарсы ана жерде тағы ауыр техника істеп жатыр. Әр жақта 105 метр. Соны қоамыз деген ойымыз бар. Сосын мынау қорғанысты жоғарырақ көтереміз су тасқыны қорғаныстан өтіп кетпесін деп. 

Тепличное ауылында 300 шақты үй бар. Оның жанындағы Прибрежноеның тұрғындары да тасқынмен таныс. Сондықтан жергілікті билік өкілдері осындай шешім қабылады: екі елдімекенге бөгет салынады.

Ахметхан Тобылбаев, Қызылжар аудандық әкімдігінің бас инспекторы:

- Биыл Тепличное және Прибрежное ауылдарына бөгет салу бойынша жобалық құжаттар дайындалады. Облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлінді. Ол бетон блогтар мен басқа да күшейткіш құрылыстарынан тұратын күрделі бөгет болады.  

Жалпы, Қызылжар ауданында 15 ауылды су басуы мүмкін. Биыл қар көп. Күн де жылымай тұр. Мамандардың болжамы бойынша Есіл өзені сәуірдің ортасында көтерілуі мүмкін.  

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев