Қарағанды облысында су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді

Қарағанды облысында су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді
фото: inform.kz

20 наурыздан бастап Қарағанды облысында су тасқынына қарсы штаб жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жағдай тәулік бойы бақылауда. Аймақтағы су тасқыны жағдайы туралы тікелей эфирдегі брифингте облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.

«Қазіргі уақытта облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Тұрғын үйлер мен тас жолдарды су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазгидрометтің хабарлауынша, қар қорының азаюы Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бассейндерінде байқалады. Ірі су қоймаларының жағдайы да тұрақты. Самарқан және Ынтымақ су қоймаларында тасқын суларды қабылдауға жеткілікті көлем бар. Космомониторинг көрсеткендей, қазіргі уақытта облыс аумағының шамамен 50%-і қармен жабылған», - деді Ермек Алпысов.

Оның сөзінше, елді мекендерден шамамен 2 миллион текше метр қар шығарылған. Бұл жұмыстар жалғасуда.