3 млн қазақстандықтың жеке мәліметі желіге тарады

3 млн қазақстандықтың жеке мәліметі желіге тарады
фото: for.kg

«Фейсбукке» тіркелген 3 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі желіге тарап кеткен.

Бұл туралы KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі хабарлады. Қолданушылардың телефон нөмірі, электронды пошта адрестері, туған күні, туған жері мен жұмыс орны жалпыға қолжетімді интернет желісінде тұр. Осыған байланысты аталған мекеме қазақстандықтарды мейлінше сақ болуға шақырды.

«Өйткені ашық желіде жатқан ақпаратты алаяқтар өзінің арам ниетін іске асыру үшін қолдануы мүмкін», - дейді олар. Бұған дейін 106 елдегі жарты миллиард Facebook қолданушысының жеке деректері интернетке тарап кеткені жайлы хабарлаған едік.