Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салғызғандар саны

Биылғы 11 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 494 082 адам, екінші компонентін 9 264 861 адам салдырды.

«Pfizer вакцинасының бірінші бірінші дозасын 1 119 846 тұрғын ектірсе, екінші дозасын 989 564  азамат қабылдады. Оның ішінде бірінші компонентімен 840 343 жасөспірім, 39 106 жүкті әйел, 139 197 бала емізетін ана қамтылды. Екінші компонентін 783 193 жасөспірім, 34 689 жүкті әйел, 126 669 бала емізетін ана алды» деп хабарлады ведомствоаралық комиссиядан.