Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі

Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі

Қарағанды облысында сәуірдің 12-нен бастап карантин шаралары қайтадан күшейтіледі.

Себебі өңір қызыл аймаққа енген. Вирус жұқтырғандардардың саны күн санап артып барады. Қазір мейрамханалардың жұмыс уақыты кешкі сегізге дейін қысқартылды. Демалыс күндері сауда-ойын сауық орталықтары жабылады. Көтерме-тарату орындары мен фитнес залдар да жұмыс істемейді. Бұдан бөлек, сенбі-жексенбі күндері облыс ішіндегі 6 аудан мен қалаларға қатынайтын автобустар жүрмейді.

Юрий Залыгин, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Облыс бойынша соңғы аптадағы індет жұқтыру көрсеткіші өткен аптамен салыстырғанда 1,7 есеге жоғары болып тұр. Тағы бір атап өтерлігі, індет ошағы барлық қала мен аудандардан табылды. Сондықтан ауқымды отбасылық шараларға тыйым салынғаны туралы тағыда ескерткім келеді. Адам көп жиналған жерге бармаған абзал.