Көкшетаудың орталық мешітінде екпе салу орны ашылды

Көкшетаудың орталық мешітінде екпе салу орны ашылды

Қаланың санитарлық дәрігерлері мен облыстық «Науан Хазірет» мешітінің имамдары құрған вакцинация бекеті бір ай жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Рамазан айы қарсаңында халыққа ыңғайлы болу үшін арнайы жасалды. Себебі қасиетті айда құлшылық үйіне кісі көп келеді. Екпені алғашқылардың бірі болып облыс имамы мен мешіт қызметкерлері салдырды. Бұған дейін осындай вакциналау бұрышы шаһардағы ірі сауда орталықтарының бірінде ашылғады. Жақында мұндай орындар тағы бірнеше қоғамдық нысанда іске қосылады дейді жергілікті билік өкілдері. Науқан басталғалы Ақмола облысында 12 мыңнан астам адам екпе алды.

Қуаныш Сәбит, облыстық «Науан Хазірет» мешітінің бас имамы:

– Біздің денсаулығымыз, ол – Алла Тағаланың бізге берген аманаты. Осы індет басталғалы бері індеттің себебінен қаншама адам дүниеден қайтты. Осы аурудан қалай құтылудың біз жолын іздеу керекпіз. Ал осы жолды бізге Денсаулық сақтау министрлігі біздерге ұсынып отыр. Сондықтан әрбір азамат осы індеттен құтылу үшін ем іздеу керек және осы емді қабылдау керек деп ойлаймыз.