«Байқоңыр» ғарыш айлағының болашағы қандай?

Жарты ғасырдан аса уақытта ғарышты игеру саласы қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аспан әлемін игеруде Үндістан мен Қытай сияқты жаңа алпауыттар пайда болды. Қазір футурологтар, жаңа жеке ғарыш айлақтары құрылып, ғарыштық туризм белсенді дамиды деген болжам айтады.

Бүгінде, футурологтар ғарышты игеруде «пионерлік дәуір» кезеңінің аяқталғанын айтуда. Әрине, бұл әлемдік мәдениет пен ғылымды көптеген іргелі жаңалықтарымен байытқан ұлы дәуір болды. Енді әрі қарай не болмақ? Ғарышты бүгінде жеке компанияларда игере бастады. Бірақ адам қызметін қажет ететін бұл сала өте қымбат және іс жүзінде пайдасы жоқ болып отыр. Ал шын мәнінде, басымдық жер қажеттіліктері үшін жаңа технологиялық база құру болуы тиіс. Бұл ретте ғарыш тарихы бастау алған «Байқоңырдың» әлеуеті қандай?

Талғат Мұсабаев, қазақ ғарышкері:

– «Байқоңыр» ғарыш айлағы әртүрлі кезеңдерді бастан кешуде. Көптеген ғарыш алаңдары жабық. Бірақ Ресей Федерациясы да, Қазақстан Республикасы да біздің аумағымыздан, біздің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан басқарылатын ұшуды жүзеге асыруда. Әзірге біздің ғарыш айлағына балама жоқ. Бірақ біз болашақ туралы ойлануымыз керек – тұрғындары, негізінен, ғарыш инфрақұрылымымен айналысатын ғарыш айлағы мен ғарыш айлағының жанында орналасқан қала қалай дамуы тиіс? Бұл қазіргі кезде үлкен міндет, үлкен мәселе. Бірақ бұл Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының бірлескен күшімен шешіледі деп ойлаймын.

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те «Байқоңыр» ғарыш айлағының «алтын ғасырының» аяқталғанын алға тартты. Алайда, болашақта Қазақстан осы бірегей кешенді сақтау үшін «үшінші» елдерді тартуы керек дейді тұңғыш ғарышкер.

Тоқтар Әубәкіров, тұңғыш қазақ ғарышкері:

– Біз зымырандар ұшып жатыр деп бекер қорқамыз. Егер зымырандар ұшуды тоқтатса, біз содан қорқуымыз керек. Ғарышты зерттеу үшін қолданылатын технологияның ерекшелігі сонда – бұл адамзаттың мыңдаған жылдар бойғы еңбегі. Гагариннің ғарышқа ұшуы бір жарым жылда жүзеге асты. Дәлірек айтсақ, бір жыл сегіз ай ішінде. Ал «Бәйтерек» туралы айтылғанына, менің ойымша, қазірдің өзінде 20 жыл болған шығар. Ол қайда? Біз бұл корпорацияны не үшін құрдық? Ол жағы маған түсініксіз.

Ғарышты игеруге қатысты кейбір үміттер расталмады деп айтуға болады. Ғарыш адам ойлағаннан мүлдем басқаша болып шықты. Физика заңдары адамның ырқына көніп, ұнайтын нәрсесіне ыңғайлана бермейді. Бірақ көңіл толарлық та дүние бар – робототехника мен жасанды интеллект күнделікті өмірге енді. Яғни біз кез келген алыс кеңістікті онда болмай-ақ игере аламыз. Күн жүйесі бойынша басқарылатын зондтар жіберетін NASA-ның соңғы жетістіктері де бар. Демек дамуға ынтымақтастық пен бәсекелестік үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

Гүлжан Көленқызы, Григорий Беденко