Шетелдік сервер арқылы жұмыс істейтін домендер жұмысы тоқтатылады

Шетелдік сервер арқылы жұмыс істейтін домендер жұмысы тоқтатылады

Елімізде шетелдік сервер арқылы жұмыс істейтін домендер жұмысы тоқтатылады.

Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді. Оның айтуынша, елде домендік мекенжайларды Қазақстанға көшіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Былтыр 45 мың сайт иесі серверлік қолдану ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Биыл 17 мыңға жуықтады. Жауапты сала өкілдері енді мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сертификат тұрақты түрде қолданылатынын жеткізді. Яғни, оны қазақстандықтардың үнемі қолданып, өзімен бірге алып жүруі міндетті емес.