Қазақстанда жалпы 644 мыңнан астам коронавирусқа қарсы екпе алған

Қазақстанда жалпы 644 мыңнан астам коронавирусқа қарсы екпе алған

Ал жалпы елде 644 мың 643 адам коронавирусқа қарсы екпе алған.

Басым бөлігі – Алматы қаласының тұрғындары. Мегаполисте екпенің алғашқы дозасын 126 мыңнан аса адам салдырған. Ал өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Алматы облысына тиесілі. Мұнда 83 мыңнан асты. Шымкентте 55 мыңға жуықтады. Қарағанды және Түркістан аймағында 42 мыңнан асты. Ал елордада 54 мың 282 адам вакцина салдырды.