423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанға Ресейден ПТР анықтамасыз келген 156 адам кері қайтарылды

  • 336
  • UPD: 18:25, 17.04.2021
Қазақстанға Ресейден ПТР анықтамасыз келген 156 адам кері қайтарылды

Пандемия басталғалы бері Ақтөбе облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан «Жайсаң» және «Әлімбет» өткізу пункттерінде тәулік бойы санитарлық-карантиндік бақылау жүзеге асырылуда.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналы хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, эпидемиологтар шекарадан өтетін адамдарға тәулік бойы термометрия мен сауалнама жүргізіп, ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтамалардың болуын тексереді. 2020 жылдың 6 қазаны мен 2021 жылғы 15 сәуірі аралығында «Жайсаң» және «Әлімбет» СКП мемлекеттік шекарасы арқылы барлығы 113 957 адам өтті, оның ішінде анықтамасы жоқ 6749 адам карантиндік стационарға жатқызылған.

Аталған уақыт аралығында Ресей Федерациясынан тиісті анықтамасыз келген 75 ҚР азаматынан COVID-19 анықталған. Қазақстан Республикасына анықтамасыз келген Ресей Федерациясының 156 азаматы шекарадан кері қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы