Шымкент қалалық ТЖД жаңа технологияларды тиімді пайдалана бастады

Шымкент қалалық ТЖД жаңа технологияларды тиімді пайдалана бастады

Табиғи немесе техногендік сипаттағы апат бола қалса, халықты дер кезінде ақпараттандыру үшін мобильдік қосымшаны пайдалануда.

«2 ГИС» халықаралық карто-графиясында 129 жиналу-эвакуациялау пункті көрсетіледі. Эвакуациялық жинау пунктері қала әкімінің қаулысына сәйкес құрылды. Мұндай бекеттер халықты жинап, есепке алып, және  қауіпсіз аудандарға орналастыруға арналған. Жиналу пунктерінің қатары толыққаннан кейін мобильді қосымшаға енгізілді.

Жанар Нысанбаева, эвакуациялық жинау пунктінің басшысы:

- Біз бүгін оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізудеміз. Ақпараттық бөлім бар, тіркеу бөлімі, анықтама бөлімі, қоғамдық тәртіп бөлімі, ана мен бала бөлімі, жаяу жүргінші бөлімі және көлікпен қамтамасыз ету бөлімдері іске қосылып отыр. Жиналу пунктінде халықты көп мөлшерде жинай аламыз. 50 мыңға дейін адамды жинап осы жинақтау пунктінен қалыпты пунктіне көлікпен тасымалдау қызметін ұйымдастырып бере аламыз.