Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша рейтингте Қазақстан 35-орынға ие болды

Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша рейтингте Қазақстан 35-орынға ие болды

Тұрғын үй қолжетімділігі, яғни жылжымайтын мүлік бағасы мен тұрғындардың кірісінің қатынасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 109 елдің ішінде 35-орынға ие болды, деп хабарлады finprom.kz.

Елдің индексі 9,63 құрады (бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы).

Жылдың басында Қазақстан ЕАЭО елдерінен, сондай-ақ Өзбекстаннан озды. Рейтингті Сауд Арабиясы, Пуэрто-Рико және Оңтүстік Африка ашады, ал Сирия төменгі орында.

Биылғы наурыз айында елімізде тұрғын үй сатып алу-сату бойынша 52,7 мың мәміле жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп.