Солтүстікқазақстандық алаяқ жоғалған құжаттардың көшірмесімен 50 онлайн несие рәсімдеген

Солтүстікқазақстандық алаяқ жоғалған құжаттардың көшірмесімен 50 онлайн несие рәсімдеген

Соңғы үш айда елімізде интернет алаяқтық бойынша 6 мың дерек тіркелген.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Желідегі қылмыстардың дені, интернет сауда, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру, біреудің атына онлайн несие рәсімдеумен байланысты Ведомство өкілдерінің дерегінше, Солтүстік Қазақстан облысында ұсталған алаяқ жоғалған құжаттардың көшірмесін пайдаланып, 50 онлайн несие рәсімдеген. Сонымен қатар елімізде қаржы пирамидасының жүйесімен жұмыс істеген топтар әшкереленді. Мысалы, тараздық азаматша ватсап арқылы спорттық ойындарға бәс тігуге шақырған. Салдарынан 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақша тіккен 14 адам алданып қалды. Осыған орай, ішкі істер министрлігі жеке мәліметтеріңізді ешкімге таратпай, интернет сауда жасағанда абай болуға шықарады.